Мәслихат хатшысының азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті азаматтарды қабылдады.

Қала көшелерін қайта атау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару – мұндай мәселелерді зейнеткерлер қабылдау барысында айтты.

С.Қалижанова әрбір өтініш білдірушіні тыңдап, түсініктеме беріп, жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдады. Жауаптар заңмен белгіленген мерзімде беріледі.