Мәслихат сессиясы

Бүгін, 10 желтоқсанда VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қанат Қапуовтың «Павлодар қалалық мәслихатының «2021 – 2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпараты тыңдалды.

Нақтылаудың негізгі себептері БСК бөлінісінде бекітілген меншікті кірістер жоспарларының қалалық бюджетке нақты түсімдерінің қорытындылары бойынша оларды азайтудың жалпы сомасымен өзгеруі; жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша түсімдердің ұлғаюы; бюджет қаражатын шартты үнемдеуді бөлу болып табылады.

Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева сөз сөйледі.

Қағидаларға сәйкес атақ азаматтарға мемлекеттік, әскери және қоғамдық қызметтегі жоғары жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі үшін; қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысқаны және өскелең ұрпақты рухани-патриоттық тәрбиелегені, ғылым, мәдениет, өнер, әдебиет, білім, журналистика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, бизнес, дене шынықтыру және спорт салаларындағы ерекше еңбегі үшін беріледі.

Депутаттардың қарауына келесі кандидатуралар шығарылды:

Айткулова Валентина Рамазановна-Павлодар қаласы мен Павлодар облысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, Байсуфинов Талғат Маруанұлы-Павлодар қаласында, Павлодар облысында және Қазақстан Республикасында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін, Жантемиров Мұхаметқали Қинаятұлы-Павлодар қаласы мен Павлодар облысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы белсенділігі және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, Жантурин Абылай Үкешұлы — Павлодар қаласының және Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Қабдуалиев Марат Зейнекенұлы Павлодар қаласы мен Павлодар облысының әлеуметтік — экономикалық және сәулет дамуына қосқан үлесі үшін, Макулов Ульян-өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Павлодар қаласында мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі үшін, Мохирев Николай Николаевич-өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, Павлодар қаласында фотобейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Барлық кандидатураларды депутаттар қолдады.

Сондай-ақ, «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу, мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, Павлодар қалалық мәслихатының Регламенті туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.