Мәслихат комиссиясының отырысы

Бүгін, 8 желтоқсанда мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар сегіз мәселені талқылады. Атап айтқанда, бұл «2021 – 2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 552/73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы, «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы, Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер

Барлық мәселелерді тыңдап, депутаттар осы мәселелерді қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясында қарау туралы қаулы қабылдады.

Мәслихаттың Регламентіне сәйкес тұрақты комиссиялардың төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді. Осыған байланысты Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.