Азаматтардың мәселелері шешілді

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Әлия Асқарова «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Павлодарлықтар депутатқа отбасыларына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған әйелге көмір және азық-түлік бойынша жәрдемдесу мәселелерімен жүгінді.

Барлық мәселелерді депутат сол жерде оң шешті.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.