ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанына байланысты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің  3-тармағы негізінде 6 (алты) адам (2 адам мемлекеттік орган өкілдері және 4 адам коммерциялық емес ұйым өкілдері мен азаматтары) құрамында Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобы құрылады.

Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Павлодар қаласының аумағында тұратын және іске асырылатын коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар шақырылады.

Ұсыныстар жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күнінен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады, қолма-қол ұсынады немесе Павлодар қалалық мәслихатының электрондық мекенжайына келесі құжаттарды жолдайды:

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Ұсыныстарды жұмыс күндерінде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақытта gormaspvl@yandex.kz электрондық поштаға немесе Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 204 қабинетте жолдауларыңызды сұраймыз. Анықтамалар  321383, 323227  телефондары бойынша беріледі.

 

 

Қоғамдық кеңес туралы

үлгілік ережеге

1-қосымша

Нысан

 

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы                        2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

  • _______________________________________________________

 

2) ________________________________________________________

 

3) ________________________________________________________

 

4) ________________________________________________________

 

5) ________________________________________________________

 

20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________