Азаматтарды кезекті қабылдау

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Серік Байсейітов «Nur Otan»партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Депутатқа азаматтар Ертіс жағалауын тазарту, кітап шығару және электр энергиясын қосуға көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Барлық сұрақтар бойынша С.Байсейітов қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.