Павлодар қалалық мәслихатының 75-кезектен тыс сессиясы

2021 жылғы 8 қаңтарда онлайн режимінде Павлодар қалалық мәслихатының 75-кезектен тыс сессиясы өтті, қарастырылған келесі мәселелер:

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Павлодар қаласында жиналыс, митинг, пикеттеу нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар анықталды:

1) Конституция алаңы.

2) Ермұхан Бекмаханұлы көшесі бойындағы № 2 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының жанындағы аумақ.

3) Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша орналасқан «Достық үйі» ғимаратының алдындағы іргелес аумақ.

  1. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут — төменгі жағалау (Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін).

«Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия туралы» № 171/21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты, комиссия құрамына Мақсат Насиполлаұлы Сүлейменов – Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы енгізіледі.