Павлодар қалалық мәслихатының 74-кезектен тыс сессиясы

А.ж. 29 желтоқсанда Павлодар қалалық мәслихатының  74-кезектен тыс сессиясы өтті, келесі мәселелер қарастырылды:

2021-2023 жылдарға арналған Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеті туралы.

Қаланың ауылдық елді мекендері бюджеттерінің 2021 – 2023 жылдарға арналған жобалары (бұдан әрі — ЖӨБ бюджеттерінің жобалары) Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстері, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, сондай-ақ басқа да нормативтік актілер негізінде әзірленді.

ЖӨБ бюджеттерінің жобалары қала экономикасының 2025 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.

Жалпы 2021 жылға арналған Павлодар ауылының бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 122 034 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.

Жалпы 2021 жылға арналған Кенжекөл ауылдық округ бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 148 878 мың теңге сомасында жоспарлануда.

Ленин кентінің бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 188 685 мың теңге сомасында жоспарлануда.

2021 жылға Мойылды ауылы бюджетінің шығындары 44 884 мың теңге көлемінде жоспарлануда.

Жалпы, 2021 жылға арналған ауыл бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 98 275 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.

Павлодар қаласы  әкімдігінің 2017  жылғы 27 қазандағы № 1257/36  бірлескен қаулысының және Павлодар қалалық мәслихатының 2017  жылғы 27 қазандағы «Павлодар облысының Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсыныс енгізу туралы» № 206/27 шешімінің күшін жою туралы.

Бұдан бұрын жоғарыда аталған бірлескен қаулы мен қаланың  2017 жылғы 27 қазандағы шешімінің негізінде Павлодар облысының әкімдігі 2017 жылғы 22 қарашадағы № 9 бірлескен қаулы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 165/17 «Павлодар облысы Павлодар қаласы және Павлодар ауданы шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» шешімін қабылдады.

Қазіргі уақытта облыстың бірлескен қаулысы мен шешімінің күші Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 6 бірлескен қаулысымен және Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 494/42 шешімімен жойылды. Аталған қаулы мен шешім ҚР Үкіметінің қарауына шығарылған жоқ.

Зәуреш Қуантайқызы Мұқашеваға «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Павлодар қаласының білім беру саласына қосқан үлесі үшін, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін Зәуреш Қуантайқызы Мұқашеваға «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.