73-кезекті сессия онлайн режимінде

73-кезекті сессияда қалалық мәслихаттың сессиясында келесі мәселелер қарастырылды:

2021 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»

Шешім жобасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында бекітіледі.

Күтілетін нәтиже: ауылдық елді мекендерде әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарын және мемлекеттік қызметшілерді бекіту мәселесін шешу, бұл жалпы ауыл халқына қызмет көрсетуді жақсартады және ауыл халқының денсаулығын нығайтуда, оның сауаттылығы мен мәдениетін арттыруда, қала мен ауыл арасындағы сәйкессіздіктерді теңестіруде көрсетілетін мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Шешімнің жобасы азаматтық қызметші болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу мақсатында бекітіледі.

Күтілетін нәтиже: ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарды ынталандыру.

«2021 — 2023 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы

Осы бағдарлама халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қолдау, қоғамдық бірлестіктерін қатыстырып әлеуметтік қызметтер көрсету есебінен әлеуметтік қарбаластықты төмендетіп, тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада 2021-2023 жылы шешілетін міндеттер, осы міндеттерді іске асырудың механизмдері мен күтiлетiн нәтижелер анықталды.

Бағдарлама жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер, қоғамдық бірлестіктерін қатыстырып әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағыттылды.

«2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы

Осы іс-шара ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсетуге қарастырылады.

Әлеуметтік көмек ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға алты айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 61/8 «Павлодар қаласының тұрғын бөлігінде қалалық қоғамдық көлікте (трамвайларда, автобустарда және шағынавтобустарда) жолаушылар мен багажды тұрақты жолаушылар тасымалдауына бірыңғай тарифті келісу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының өзгеруіне сәйкес, атап айтқанда «024» бюджеттік бағдарламаның «068» бюджеттік бағдарламасына өзгеруімен енгізіледі.

Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» № 297/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдіктің дербес құрамынан Оңғаров Қайыржан, Арыстан Төлеухадысұлы Кенжалинов шығарылады;

Қала әкімдігінің дербес құрамына Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы Сүлейменов Мақсат Насиполлаұлы, қаланың ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәрсенбаева Айнагүл Болатқызы енгізіледі.