Павлодар қалалық мәслихатының 73-кезекті сессиясы

А.ж. 23 желтоқсанда Павлодар қалалық мәслихатының 73-кезекті  сессиясы өтті, қарастырылған келесі мәселелер

2021 — 2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы

2021 — 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстері, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, сондай-ақ басқа да нормативтік актілер негізінде әзірленді.

Жоба экономиканың 2025 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.

Осыны ескере отырып, жоба бойынша қалалық бюджет түсімдерінің параметрлері 2021 жылға 100 219 905 мың теңгені құрады.

2022 жылға арналған түсімдердің болжамды көлемі 90 254 423 мың теңге, 2023 жылға – 97 149 565 мың теңге сомасында айқындалған және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес индикативтік сипатта болады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштер былайша сипатталады:

«Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ шығыстарды іске асыруға жалпы сомасы 10 016 181 мың теңге қарастырылған;

«Павлодар қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ шығыстарды іске асыруға жалпы сомасы 7 613 455 мың теңге  көзделген;

«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ағымдағы шығыстарды іске асыруға 4 378 223 мың теңге сомасында көзделген;

«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ – де іс-шараларды іске асыруға 579 787 мың теңге қарастырылған.

Қалалық бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Жалақы төлеуге жылдық қажеттілік ескерілді. Барлық әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету толық көлемде жоспарланған.

Павлодар қаласының 2020 жылға арналған салық және басқа да міндетті төлемдерден түскен кірісі  туралы есебі

2020 жылдың 11 айында қалалық бюджетке түсімдер жоспары 105,2 пайызға орындалды. Түсімдер 75 934,8 млн. тенгені құрады, 72 153,1 млн. тенге болжамды жоспарлағанда, 3 781,7 млн. теңгеге артық орындалды.

2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 26 343,4 млн. тенгеге өсті, өсу қарқыны 153,1 пайызды құрады.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде  болжамды көрсеткіштерді қамтамасыз ету және қосымша салық түсімдері  мен басқа да салықтық емес түсімдердің міндетті төлемдері бойынша резервтерді табу Павлодар қаласының бюджетіне 2019 жылдан 2021 жылға дейін есептелген, 2020 жылдың  11 айына 958,6 млн. теңге қосымша табыс ұсынылды, Өткен жылдың осы кезеніңде 947,6 млн. тенге,өсу қарқыны 101,1 пайызды құрады.