Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

2020 жылғы 21 желтоқсанда мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы онлайн режимінде өткізілді, мұнда қарастырылған мәселелер:

2021 — 2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы

2021 — 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстері, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, сондай-ақ басқа да нормативтік актілер негізінде әзірленді.

Жоба экономиканың 2025 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.

Осыны ескере отырып, жоба бойынша қалалық бюджет түсімдерінің параметрлері 2021 жылға 100 219 905 мың теңгені құрады.

2022 жылға арналған түсімдердің болжамды көлемі 90 254 423 мың теңге, 2023 жылға – 97 149 565 мың теңге сомасында айқындалған және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес индикативтік сипатта болады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 2021 жылға арналған болжамды көрсеткіштер былайша сипатталады:

«Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ шығыстарды іске асыруға жалпы сомасы 10 016 181 мың теңге қарастырылған;

«Павлодар қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ шығыстарды іске асыруға жалпы сомасы 7 613 455 мың теңге  көзделген;

«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ағымдағы шығыстарды іске асыруға 4 378 223 мың теңге сомасында көзделген;

«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ – де іс-шараларды іске асыруға 579 787 мың теңге қарастырылған.

Қалалық бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Жалақы төлеуге жылдық қажеттілік ескерілді. Барлық әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету толық көлемде жоспарланған.

2021-2023 жылдарға арналған Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеті туралы.

Қаланың ауылдық елді мекендері бюджеттерінің 2021 – 2023 жылдарға арналған жобалары (бұдан әрі — ЖӨБ бюджеттерінің жобалары) Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстері, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, сондай-ақ басқа да нормативтік актілер негізінде әзірленді.

ЖӨБ бюджеттерінің жобалары қала экономикасының 2025 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.

Жалпы 2021 жылға арналған Павлодар ауылының бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 122 034 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.

Жалпы 2021 жылға арналған Кенжекөл ауылдық округ бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 148 878 мың теңге сомасында жоспарлануда.

Ленин кентінің бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 188 685 мың теңге сомасында жоспарлануда.

2021 жылға Мойылды ауылы бюджетінің шығындары 44 884 мың теңге көлемінде жоспарлануда.

Жалпы, 2021 жылға арналған ауыл бюджетіне түсімдердің жылдық көлемі 98 275 мың теңге сомасында жоспарланып отыр.

 2021 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»

Шешім жобасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында бекітіледі.

Күтілетін нәтиже: ауылдық елді мекендерде әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарын және мемлекеттік қызметшілерді бекіту мәселесін шешу, бұл жалпы ауыл халқына қызмет көрсетуді жақсартады және ауыл халқының денсаулығын нығайтуда, оның сауаттылығы мен мәдениетін арттыруда, қала мен ауыл арасындағы сәйкессіздіктерді теңестіруде көрсетілетін мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді.

Азаматтық қызметші болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Шешімнің жобасы азаматтық қызметші болып табылатын және Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу мақсатында бекітіледі.

Күтілетін нәтиже: ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарды ынталандыру.

 Павлодар қаласының 2020 жылға арналған  салық және басқа да міндетті төлемдерден түскен кірісі  туралы есебі

2020 жылдың 11 айында қалалық бюджетке түсімдер жоспары 105,2 пайызға орындалды. Түсімдер 75 934,8 млн. тенгені құрады, 72 153,1 млн. тенге болжамды жоспарлағанда, 3 781,7 млн. теңгеге артық орындалды.

2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 26 343,4 млн. тенгеге өсті, өсу қарқыны 153,1 пайызды құрады.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде  болжамды көрсеткіштерді қамтамасыз ету және қосымша салық түсімдері  мен басқа да салықтық емес түсімдердің міндетті төлемдері бойынша резервтерді табу Павлодар қаласының бюджетіне 2019 жылдан 2021 жылға дейін есептелген, 2020 жылдың  11 айына 958,6 млн. теңге қосымша табыс ұсынылды, Өткен жылдың осы кезеніңде 947,6 млн. тенге,өсу қарқыны 101,1 пайызды құрады.

«2021  — 2023 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы

Осы бағдарлама халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қолдау, қоғамдық бірлестіктерін қатыстырып әлеуметтік қызметтер көрсету есебінен әлеуметтік қарбаластықты төмендетіп, тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада 2021-2023 жылы шешілетін міндеттер, осы міндеттерді іске асырудың механизмдері мен күтiлетiн нәтижелер анықталды.

Бағдарлама жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер, қоғамдық бірлестіктерін қатыстырып әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағыттылды.

«2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы

Осы іс-шара ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсетуге қарастырылады.

Әлеуметтік көмек ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға алты айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.