Павлодарда 1 наурызға дейін қоқыстарды шығару тарифі төмендеді

Бүгін қалалық әкімдікте «Спецмашин» ЖШС және Павлодар қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

🔸Аталмыш меморандумға сәйкес тараптар абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін 230 теңгеге дейін, ал абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін 240 теңгеге дейін 2021 жылдың 1 наурызына дейін.

🔸Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 1 адамға 322,73 теңге және жеке сектордағы үйлердің 1 тұрғынына 331 теңге тарифі бекітілген болатын.

🔸Сонымен қатар, азаматтардың келесі жекелеген санаттары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша қызметтерге ақы төлеу кезінде жеңілдіктер сақталады:

⠀1) ҰОС қатысушылары;

2) ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

3) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

4) ең төменгі зейнетақысы бар зейнеткерлер;

5) көп балалы отбасылар;

6) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, адамдар жатады.

⠀🔸Жоғарыда аталған санаттарға тариф Павлодар қаласы мәслихатының 2013 жылғы шешімімен белгіленген мөлшерде есептеледі, яғни 159,6 теңге.