Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында «Халық қатысатын бюджет» жобасының қорытындысы

2020 жылғы наурызында ҚР қаржы министрінің бұйрығымен жергілікті бюджет жобасын жоспарлау Қағидасына өзгерістер енгізілді.

«Халық қатысатын бюджет» биыл Қазақстанның барлық қалаларында ендірілді. «Халық қатысатын бюджет» жобасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бюджеттік процеске азаматтардың кең қатысу құралы болып табылады.

Павлодар қаласында тамызда «Халық қатысатын бюджет» жобасына старт берілген болатын, оның аясында қаладағы жайлы тұруды жақсарту жоспарлануда.  Әкімдіктің құзыреті шегінде Жобалық ұсыныстарды іске асыру үшін 2021 бюджеттік жылға пилоттық жобаның жалпы көлемі 100 млн.теңгені құрайды.

Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласын жайластыру мәселелері бойынша тұрғындардың жобалық ұсыныстарын қарау және іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңесің құру туралы» қаулы шығарылған, Сараптамалық кеңестің Ережесі жоспарланған.

2020 жылғы 25 тамыздан 12 қыркүйек бойынша — үлгіік жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан жобалық ұсыныстар қоры өтті.

Келіп түскен жобалық ұсыныстардың анализі өткізілді, өткізілген анализдің нәтижесінде 20 жобадан 15 жоба іріктелді, 5 жоба Қағиданың 10-тармағына сәйкес келмеді, негізі себебі — жобаны іске асыру жолдарының тұтассыздығы және іріктеу критерияларына сәйкес келмеуі болды.

2020 жылғы 19 қыркүйектен 18 қазан бойынша — дауыс беру өткізілді, соның қорытындысы бойынша 10 жобалық ұсыныс қабылданған жоқ, оған тұрғындар ең аз дауыс берген.

Сараптамалық кеңес мүшелерімен ең көп дауыс жинаған, 5 жобалық ұсыныс орынға барумен қарастырылған:

 

Жобаның атауы Жобаны іске асыру мекенжайы Дауыс саны
1 «Всё лучшее детям» Павлов көш., 85/1 106
2 «Будь здоров без докторов» Торайғыров, көш. 6 97
3 Стационарлық модуль «Сәби box» Қаланың рекреациялық және тұрғылықты аймақтар 35
4 «Сарыарка СӨС үшін» футбол аланың жөндеу Ломова 152/3 34
5 «Бақытты балалық шақ» жобасы Павлова 102/3 29

Тұрақты комиссиясының келесі мәселесі «Кондоминиум объектілерінің басқару формалары — Мүліктің меншік иелері бірлестігі (ММИБ) ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы» мәселесі қарастырылды.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы  № 284-VІ ҚРЗ сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау жүйесі реформалануда.

Кондоминиум объектілерін басқару, оны күтіп ұстауға қаражаттандыру және жалпы мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін пәтер, тұрғын емес ғимараттар иелері көпқабатты тұрғын үйлерді екі негізгі басқару формаларынан біреуін тандау қажет.

Қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшы орынбасары — Рашитов Нұрлан депутаттарды кондоминиум объектілерін басқару формаларын ұйымдастыру бойынша қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы ақпараттандырды.