ТҮКШ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

А.ж. 23 қазанда ТҮКШ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, келесі мәселелер қарастырылды:

«Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтау ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени мәнді нысандардың жылу маусымына дайындық барысы туралы».

Қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлер 1264 тұрғын үйді құрайды, оның ішішнде 1255 үй орталық жылуды қамтамасыз етуге қосылған. Осы үйлерді түрлі 133 басқару формалары (ПКСТ, ЖШС, ЖК,) қызмет етеді, 121 КҚҮ өзін-өзі басқаруда.  Бүгінгі танда жалпы саны 1264 КҚҮ-ден 1233 үй «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС-ның негізгі жылыту құралдарының бар болуы бойынша  техникалық талаптарына сәйкес келеді: жылу қамтамасыз етілетін элеваторлық сызбаның жылу тораптары, ішкі жүйесі, су жылытқыш және жылу алмастырғышы, сонымен қатар ЦТП қосылуымен, элеваторсыз сызба жылуынсыз. Қалған 22 үй Алюмин ауданындағы үйлер ескі үйлер болып табылады, жылуды қамтамасыз ететін элеваторлық сызба және су жылытқыш жоқ, 9 көпқабатты ескі үйлер орталық жылу жүйесіне (пеш жылуы) қосылмаған.

Бұл сұрақ мәслихаттың кезекті сессиясының қарастыруына енгізілді.

«Қысқы мерзімде қар жинау техникасының дайындығы туралы».

Көшелерді және автожолдарды ұстау бойынша қала 3 ауданға бөлінген, ұстауға 2 мердігерлік ұйым «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «Холдинг Трансс Павлодар» ЖШС  жұмыс жасайды.

Павлодар қаласының көшелерін және жолдарын ұстау бойынша жұмыстар 103 көшелерде, 14 айналма автожолдарда, 6 өтпежолдар мен асфальтбетонды жабындысы бар 2 темір жол мен қоғамдық автокөлік қозғалыстарында жүргізіледі.

Қалалақы мәслихат депутаттарымен а.ж. 10 қыркүйекте осы мәселе бойынша бару ұйымдастырылды. Бұл мәселе мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылды.

«Жасыл аймақ. Ағаштардың өтемдік отырғызуы».

2021 жылы  770 дана санынан тұратын өтемдік ағаштар мен бұтақтарды отырғызу жоспарлануда.

— «Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жасыл көшеттерді кесуге жеке және заңды тұлғалардан 1:10 жасыл көшеттердің өтемдік отырғызуды өткізу туралы кепілдік хаттарды берумен ғана рұқсат берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары» № 235 бұйрығымен бекітілген 2-тараудың, 3-параграфы, 27-тармағына сәйкес өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.

Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Жасыл аймақта» 8 225 дана ағаштар отырғызу жоспарлануда.

Жобамен 5 учаске қарастырылған:

№1 учаске – 2 800 дана (Жалпы аумағы – 2,7 га, сүмбіл терек, қайын, мамыргүл, шетен – 120 ағаштан 23 қатар). Аумақ «Павлодарский нефтехимиялық зауыты» ЖШС бекітілген.

№ 2 учаске – 564 дана (Жалпы аумағы – 0,8 га, сүмбіл терек, қайын, мамыргүл, шетен – 188 ағаштан 3 қатар ). Аумақ «KSP Steel» ЖШС ПФ бекітілген.

№ 3 учаске – 4 221 дана (Жалпы аумағы –  16,5 га, сүмбіл терек, қайын, мамыргүл, шетен, қараған– 201 ағаштан 21 қатар). Аумақ «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Каустик» АҚ бекітілген.