Халық қатысатын бюджет

А.ж. 21 қазанда Павлодар қаласын жайластыру мәселелері бойынша тұрғындардың жобалық ұсыныстарын қарау және іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Оның құрамына қалалық мәслихат депутаттары, Павлодар қаласының әкімі, мемлекеттік орган басшылары, Павлодар қаласының Құрметті азаматтары және т.б. кірді. 2020 жылғы наурызда ҚР Қаржы министрінің бұйрығына жергілікті бюджет жобасын жоспарлау Қағидасына өзгерістер енгізілді. «Халық қатысатын бюджет» биылғы жылы Қазақстанның барлық қалаларына енгізілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бюджеттік процесте азаматтарды тарту масқатында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру болып табылады. Павлодар қаласында тамызда «Халық қатысатын бюджет» жобасына бастау берілген, қалада жайлы өмір сүруді жақсарту жоспарлануда. Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласын жайластыру мәселелері бойынша тұрғындардың жобалық ұсыныстарын қарау және іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңестің құру және тәртібі туралы» қаулысы шығарылды, Сараптамалық кеңестің Қағидасы әзірленді. Жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет-қорында орналастырылған болатын. Әкімдікпен Павлодар қаласының тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау Жобалық ұсыныстардың қосымшасымен, келесі санаттар бойынша іске асырылды: балалар алаңдарын жөндеу; жалпы аймақтарды пайдаланудағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары; тротуарларды орналастыру; балалар алаңдарын орнату; тренажер алаңдарын орнату; футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын орнату; жалпы құралдарды пайдалануды орнату (орындық, урналар); қазылған шұңқырларды жайластыру; қоршауларды орнату; көшелерді жасылдандыру; аулаларды жасылдандыру; балалар аула алаңдарын жарықтандыру; қоқыс алаңдарын орнату; мерекелерді ресімдеу; шағын архитектуралық формалардың дизайндері; тұрғын ғимараттарды декоративтік жарықтандыруды ресімдеу.  2020 жылғы 25 тамыздан бастап 12 қыркүйекке дейін үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан келіп түскен жобалық ұсыныстарды жинау болды. 18 қыркүйекте жобалық ұсыныстарды қарастыру бойынша Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Келіп түскен жобалық ұсыныстардың анализі өткізілді, өткізілген анализдің қорытындысы бойынша 20 жобадан 15 жоба тандалды, 5 жоба Қағиданың 19-тармағына сәйкес келмеді, негізгі себептері — жобаны іске асыру жолдарының тұтассыздығы және іріктеу критерияларына сәйкес келмеуі болып табылды. 2020 жылғы 19 қыркүйектен 18 қазан бойынша — дауыс беру өткізілді. Дауыс беру барысында 15 жобадан ең көп дауыс алғанның саны 5 жоба. Сараптамалық кеңес мүшелерімен мақсатқа сай және құзыретке жататынға техникалық бақылау және анализ өткізу мақсатында 5 жобалық ұсыныстардың мекенжайлары бойынша барылды. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыру бойынша бюджеттік өтінімдер жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кезекті қаржы жылына бюджеттік заннамаға сәйкес құрылады.