Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

2020 жылы 15 қыркүйекте  экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссия өтті,мұнда келесі сұрақтар қарастырылды:

«Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020 – 2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 442/61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Экономика бөлімімен қалалық нақтыланған бюджет жобасы ұсынылды.

Қаланың бюджеттік комиссиясы мақұлдаған бюджеттің қосымша іс-шараларын іске асыру үшін қаржыландыру көлемі 2 838 430 мың теңге сомасында көзделген.

Бұл қаражатты бюджеттік бағдарламалардың келесі басым әкімшілері бойынша жіберу жоспарлануда:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 1 128 860 мың теңге сомасында шығыстар белгіленді;

Құрылыс бөлімі бойынша 598 248 мың теңге сомасында шығыстар белгіленді;

Қаржы бөлімі бойынша 322 688 мың теңге сомасында шығыстар белгіленді;

Білім беру бөлімі бойынша 247 022 мың теңге сомасында шығыстар  белгіленді;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 223 281 мың теңге сомасында шығыстар белгіленді.2020-2022 жылдарға арналған нақтыланған қалалық бюджет жобасы бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» № 447/61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Осы бағдарлама халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған. «Өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы қолданыстағы 11 іс-шара бойынша (әрбір шарада 5-тен астам тармақшалар) 482108,0 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын қолдану бекітілді. 007 бағдарлама бойынша үнемдеу 27796,0 мың теңге мөлшерінде:

—1 топтағы мүгедектерге және мүгедек балларға, жеке көмекшінің санаторийге алып баруына (жол журу, тұру және тамақтану) 180 азаматтың санын ұлғайту есебінен 20002,0 мың теңге сомасына;

—«Көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға біржолғы әлеуметтік көмек» алушылар санын көбейту есебінен 1867,0 мың теңге сомасына 2 студентке;

—әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға «Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін адамдар» 141 азаматтың санын ұлғайту есебінен 3917,0 мың теңге сомасына;

—жаңа іс-шара «Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар» 13 балаға санын ұлғайту есебінен 3399,0 мың теңге сомасына.

Алушылар санының азаюына байланысты секвесторға 1389,0 мың теңге сомасында «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жөндеуге».

Павлодар қаласында жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және тізбесін анықтау қағидаларын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасының 2020 жылы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» жаңа Заңының қабылдануы және ардагерлер санатын өзгерту енгізуіне байланысты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әлеуметтік көмек Ережелерін бекіту жобасы шығарылады. Ереже халықтың әлжуаз тобына әлеуметтік қызмет көрсету үшін бағытталған.

Павлодар қалалық мәслихатының Регламенті туралы.

Павлодар қалалық мәслихатының осы регламенті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және Павлодар қалалық мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу,оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау,олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.

Тұрақты комиссия мәселелері мәслихаттың кезектен тыс сессия қарастырылуына шығарылады.