Қысқы мерзімге қар жинау техникасының дайындығы туралы

А.ж.10 қалалық мәслихат депутаттарымен «Қысқы мерзімге қар жинау техникасының дайындығы туралы» мәселесі жөнінде шығу ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылда көшелерді тазалау және қала жолдарын ұстау бойынша жұмыстары 3 ауданға бөлінген,онымен 2 мердігер ұйым айналысады: «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС және «Холдинг Трансс Павлодар»ЖШС. Павлодар қаласының көшелерін және көлік жолдарын ұстау бойынша жұмыстары қаланың 103 көшелерінде, 14 айналма жолдарында, 6 құбыр өткелінде, 2 жол байланысында және асфальт жабындысымен қапталған және қоғамдық көлік қатынайтын жолдарда жасалады.Мердігер ұйымдарда қаланың көшелерін және көлік жолдарын ұстау бойынша жұмыстары үшін қысқы мерзімде жыл сайын 30 % жаңартылатын 159 мамандырылған техникасы бар.

Павлодар қаласы бойынша жыл сайын қар жинау үшін 140-160 адам, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС және «Холдинг Трансс Павлодар»ЖШС 100-ден астам дана техникасы  жұмылдырылады.

Қаланың қысқы көшелерін және жолдарын ұстау бойынша көлем тізіміне жұмыстардың негізгі түрі жатады: қарды механикалық күреу, айда 10 рет құм себу,күн сайын қарды күреу және шығару. Сондай-ақ жол жиектерін,айналым жолдарында шнекоротор жұмысын, автобус трамвай аялдамаларындағы отыру алаңдарын, жаяу жүргіншілер өткелін,жиек бүйірінің бөлігін тазалау, тұрмыстық қоқысты жинау және қоқысқа арналған жәшіктерді тазалау да ескеріледі.

Қалың қарлы жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстары мол түскен кезде тазарту тәулік бойы қоғамдық автокөлік қозғалысының қауіпсіздігіне оңтайлы жағдай жасалғанға дейін жүргізіледі.