ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

А.ж. 20 тамызда депутаттардың,мемлекеттік органдардың және мердігер ұйымдарының қатысуымен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті,мұнда Павлодар қаласының балалар және спорт алаңдарын ұстау және күту бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларды іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

Павлодар қаласында ЖҚК бағдарламасы шеңберінде 100 балалар ойнау алаңдары орнатылады, қала тұрғындарының өтініштері бойынша құрылған тізім. Балалар спорт алаңдары коммунадық қызметтерінің инженерлік желілер жоқтығы бойынша келісуден өткеннен кейін бір топ үйлердің аула ішіндегі аумағына орнатылады.Қазіргі таңда 39 ойын алаңдары орнатылды,коммуналдық қызметпен 92 мекенжай келісілді, 70 мекенжада алаң негіздері дайындалы.Жұмыстар аяқталғаннан кейін ойын алаңдары жауапты орган тегеріміне беріледі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша облыста барлығы 80 жоба қарастырылған,олардың ішінде қалалық бюджеттен 39 жоба.Барлығы 80 инфраструктуралық жобалары бойынша мердігерлер анықталды. 27 жоба бойынша  (қалалық әкішіліктері-18, облыс әкішіліктері-9) жұмыстары іске асыру күн тәртібіне сай аяқталды.

Павлодар қаласының әлеуметтік қорғау бөлімі бойынша 5297 жұмыс орны жасалды,Жұмыс қамту орталығы арқылы 2652 адам немесе барлық жұмысқа орналасқан санынан 50%.2020 жылдың 19 тамыз жағдайы бойынша  4526 жұмыс орны құрылды, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2683 орналастырылды.

Барлық нысанда жұмыстардың көлемі мен сапасын техникалық және авторлық қадағалау мамандары, жобаларға тапсырыс берушілер бақылайды. Күрделі және ағымдағы жөндеулерді берілген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.