А.ж. 17 тамызда қалалық мәслихат депутаттары тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтау ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени мәнді нысандардың жылу маусымына дайындық барысы туралы»  мәселесі жөнінде барулар ұйымдастырды.

Алдағы жылу маусымына дайындық барысында қаланың коммуналдық қызметтерімен инженерлік жүйелердің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ақпараты бойынша жылу маусымына 721 көпқабатты тұрғын-үйлер жылу қабылдауға дайын, оның ішінде 74 үйде жылу энергиясын үнемі пайдалануды тұтынуға акт дайындығы бар.

Депутаттармен көшпелі комиссияларды өткізу жалғастырылады, қаланың ауылдық аймақтарындағы білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт, әлеуметтік-мәдени мәнді нысандарды барып келу жоспарлануда.

2020-2021 жж.жылу маусымына қалалық нысандардың дайындығы туралы мәселе Павлодар қалалық мәслихатының кезекті  сессиясында қарастырылады.