Мойылды ауылы әкімінің сайлауы

А.ж. 14 тамызда Мойылды ауылының әкімін сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару» 36, 36-1-баптарына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Павлодар қаласы Мойылды ауылы әкімдігіне сайлау өткізу мен дайындау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен қарастырылған, барлық өтілетін  негізгі іс-шараларын уақтылы өткізді. Мойылды ауылының бұрынғы әкімі, Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов өз еркімен жұмыстан кетті.

Қалалық сайлау комиссиясына Мойылды ауылы әкімдігіне сайлауға қатысу науқанына қатысу үшін екі өтініш келіп түсті: Әбіке Жеңіс Сартайұлынан және амангелдіұлы Мараттан.

Таңдаушылар, қалалық мәслихат депутаттары, көпшілік дауысты Жеңіс Сартайұлына берді.

Әбікен Ж.С. 1975 жылы туған, «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі болып жұмыс жасаған. Әр жылдар бойы Екібастұз қаласының № 13,18 орта мектептерінде тарих пәнінің мұғалімі, Ленин кентінің № 33 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ленин кентінің № 33 мектептің оқу- тәрбие жөніндегі директор орынбасары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жаңа және қазіргі заман тарих кафедрасының оқытушысы, «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ әкім болып қызмет атқарды.