А.ж. 10 тамызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын сапасын тиісті іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат депутаттары спорт нысандарына, қала көшелерінің орташа ағымдағы жөндеуін тексеру бойынша шығыс сапарын жасады.

Б.Ә. Аманжолов Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт  КМК «№ 1 БЖСМ» және «Дзюдо күресі бойынша «Батыр» БЖСМ» МҚКК барды. Аталған нысандарда құрылыс- жөндеу жұмыстарының қорытынды сатысы жүргізіліп жатыр: баспалдақ аралығының қабырғаларын сылақтау, баспалдақ аралығындағы терезе ойығын бөлшектеу, спортзалда жылу регистрлерін орнату, холлдағы қабырғаларды тегістеу, плиткаларды орнату, қасбетке кронштейнді орнату, шатыр тіректерін монтаждау.

Жұмыс аяқталуы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыс 80% орындалды. 78 жұмыс орны құрылды.

С. Қ. Қалижанова Лесозавод, Радиозавод, Хромзавод және 2 Павлодар шағын аудандар жолдарының ағымдағы орташа жөндеу жағдайын тексерді. Аталған жол учаскелерде Радиозавод және Лесозавод көшелерінің бір бөлігі асфалль жабындысы төселген. Хромзавод ш/а жұмыстар толық көлемде аяқталған. 2 Павлодардың Геринг көшесі бойынша Минин көшесінен № 19 көлікжолына дейін асфальтбетон қоспасы негіздің төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көшенің солтүстік және оңтүстік жағынан жаяужол орнату бойынша жұмыстар орындалды. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 65 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 % .