Мәслихаттың 69-кезектен тыс сессиясы

А.ж. 7 тамызда Павлодар қалалық мәслихатының 69 кезектен тыс сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша «Павлодар қаласы әкімінің қаланың әлеуметтік- экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларының туралы есебі» бойынша депуттардың алдында Иманслям Ержан Иманслямұлы.

Есепке сәйкес бірінші жарты жартыжылдық бойынша өнеркәсіптің өндіріс көлемі 387 млрд. теңгені құрады. Облыс экономикасына 39,9 млрд. теңге тартылды.

2020 жылы Кәсіпкерлікті қолау картасы шеңберінде инвестиция көлемі 3,2 млрд. болатын 2 жобаны іске қосу және 140 тұрақты жұмыс орнын ашу.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы сомасы 8,3 млрд. теңге болатын 157 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 19,9 млрд. теңгеніү НКИ- 101,6  % құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 59,4 шаршы метр немесе 128 %.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Бұхар Жырау көшесу- Лермонтов көшесі- Набережная көшесі бойындағы Бекмаханов көшесінген Центральная көшесі, 147 бойындағы ғимаратқа дейін диаметрі 1500 мм кәріздік коллекторды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылды, Айманов көшесі, 29 бойындағы үйден Лесозавод кенті Арғынбаев көшесіне дейін Центральная көшесі бойындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстары басталды, Қаз. Правда көшесінен Ломов көшесіне дейін Ворушин көшесіндегішаруашылық- ауыз судын магистралды су құбырын қайта жаңарту аяқталуда. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистралды қайта жаңарту жоспарлануда. Есепті кезеңде ұзындығы 21 км. Қала көшелері мен жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

Жол картасы шеңберінде орамішілік аумақтарды ағымдағы жөндеуге, жарықтандыруға, балалар алаңдарын орнатуға, жолдарды орташа жөндеуге қомақты қаражат бөлінді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар кешені жалпы қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторын іске асыруға және жақсартуға бағытталған.

         2020 жылдың 1 шілдесіне қалада 2114 жұмыс орны ашылды, оның 2078 тұрақты. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру 6,5 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, бұл жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінгендердің жалпы санының 99,8% — ын құрады.

Қалада халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша көп жұмыс жүргізілуде- бұл әлеуметтік төлемдер, оңалту көмегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, көп балалы аналардың проблемалары шешілді, сондай-ақ төтенше жағдай (карантин) кезінде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді және көрсетіледі. Мемлекеттік атаулы көмекпен жалпы сомасы 57,7 млн. теңгеге 1506 отбасы (6109 адам) қамтылды.

Жыл басынан тұрғын үй көмегі 11,5 млн.теңге сомасына 658 аз қамтылған отбасына (729 адам) тағайындалды. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына іәлеуметтік көмек 7274 азаматқа ымдау тілі мамандарына-285, жеке көмекшінің қызметтері-849 азаматқа көрсетілді. «Инватакси» қызметі 588 азаматқа көрсетілді.

Ағымдағы жылы білім бері жұйесінің бюджеті 26,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде даму бюджеті 1 млрд. астам теңгеден.

Бұдан басқа 2020 жылы ағымдағы шығындарға қосымша 420,5 млн.теңге, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша № 28, 34, 39 мектептерге 385,4 млн теңге сомасы бөлінді.

Дене шынықтыру және спорт саласына спорт объектілерін жөндеу, қаланың ауылдық округтерінде тренажер орнатылды, балалар спорт алаңдарын орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілілді.

Қала әкімінің есебін тыңдап, талқылап, депутаттар Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын бекітті.

«Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы № 297/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» екінші сұрағы бойынша. Әкімдіктің дербес құрамының өзгеруіне байланысты.

«Сарыарқа» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімін алып қоюға байланысты жер телімін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы келісім шарт жобасын келісу туралы» үшінші сұрағы бойынша.

«Сарыарқа» шағын ауданында 1 жер телімін бірдей жер телімін беру арқылы алып қою рәсімі басталды.

«Павлодар қаласының айналма жолы» автомобиль жолын, «Восточный айналма жолы» учаскесінің құрылысын салуға (қайта құру) мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен айланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларына келісу туралы» төртінші сұрақ бойынша.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады.

Осыған байланысты «Северный» (бұдан әрі-БСТК) бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативтерінде 3 жер телімін алып қою рәсімі бастамашылық етілді.

«Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларына келісу туралы» бесінші сұрағы бойынша.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес оңтүстік бағыттағы Павлодар қаласының дамуы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерімен көп қабатты кешендердің құрылысын салуға саяжай телімдерін жер телімін алу есебінен болжамданады.

Осыған байланысты «Строитель» (бұдан әрі-БСТК) бау-бақша серіктестігінің тұтынушы кооперативінде бастамашылық етілді.

Берілген сұрақтар Павлодар қалалық мәслихатының 69- кезектен тыс сессиясында қарастырылды.