Мойылды ауылы әкіміне кандидаттардың кездесуі

Ағымдағы жылдың 7 тамызда Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Мойылды ауылы әкімінің кандидаттары тандаушылармен – Павлодар қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өз сайлау алдындағы бағдарламаларын ұсынды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағының талаптарымен және сайлауды өткізу Қағидаларымен ұсынылған әкім кандидаттарына сәйкес, табысы мен мүлігі туралы декларацияны салық органдарына ұсынды.
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясына қала әкімін ұсыну және Мойылды ауылы әкіміне кандидаттардың сайлауға түсуіне келісу туралы өтініштер келесі кандидаттардан келіп түсті:
1. Әбікен Жеңіс Сартайұлы, 1975 жылы туған, білімі жоғары. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Педагогикалық Университетін тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша тамамдаған.
2. Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов, 1975 туған жылы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша оқыды.

Павлодар қалалық аймақтық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша Мойылды ауылының әкімін сайлау күні 2020 жылғы 14 тамызға белгіленген.