А. ж. 4 тамызында қалалық мәслихат депутаттары З.Қ. Мұқашева, «Nur Otan» партиясының ПҚФ төрағасының орынбасары А. Қ. Маликова, ТҮКШ бөлім бастығының орынбасары Р. Р. Қасеновпен бірлесіп аулаішілік аумақтарда балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жұмыстардың сапасына мониторинг жүргізді.

Астана, Айманов, Торайғыров, Ледовский, Бұқар Жырау, Малайсары батыр, Ломов, Гагарин, Набережная, Н. Назарбаев, Бекхожин көшелеріндегі аулаларында орналасқан балалар алаңдарына барды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалада 100 балалар ойын алаңдарын орнату жоспарлануда.

Бүгінгі күні жоспарланған 100 алаңның сегізі орнатылды, 3 мекенжай бойынша шағын нысандарды орнату жұмыстар жүргізілуде, 60 жер телімде коммуналдық қызметтер желілердің жоқтығына келісуден өтті, оның ішінде 40 — да-ойын жабдықтарын орнату үшін асфальт негізі дайындалды, Ресейден шағын нысандарды жеткізу күтілуде, 29 учаскеде ТҮКШ бөлімі коммуналдық қызметтермен бірлесіп жер асты инженерлік желілерінің бар-жоғына тексеруін жүргізуде.

Сапар барысында ТҮКШ бөлімі мен «Дисконт» мердігерлік ұйымына мониторингтік топ мүшелері барлық анықталған ескертулер бойынша және жою үшін қажетті шаралар қабылдауды ұсынды.

Сондай-ақ, алаңдарды жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, тұрғын үй инспекциясымен, ПИК-пен, спорт бөлімімен, полиция басқармасымен ойын жабдықтарын сақтау және күтіп ұстау бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру, балалар алаңында жабдықтарды пайдалану және жүріс-тұрыс ережелерін сақтау үшін жабдықтарды пайдалану ережелері мен пайдаланушылардың бойы мен салмағы бойынша шектеулер жайлы мәліметтерді қамтитын тақтайшалар орналастыру мәселесін қарастыруды талап етті.

Депутаттар тұрғындар мен балалармен белгіленген ойын аймақтарына ұқыпты ұстау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ъ