Короновирустық инфекцияның таралуына және халық арасында аурудың таралуына байланысты «Nur Otan» партиясынан Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары Павлодар қаласының медициналық мекемелеріне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді: Мойылды шипажайлық провизорлық госпиталінің емделушілеріне арналған дәрілік заттар берілді; № 1 қалалық ауруханасына 2 кір жуғыш машине берілді; минералды сумен медициналық бетперделер; № 2 қалалық поликлиникасына  минералды сумен медициналық бетперделер; 6  Бобров аппараты сатып алынды; медициналық мекемелерге арналған 200 градусниктер және пульсөлшеуіштер; обаға қарсы костюмдер, қорғаныш көзілдіріктер, бахилалар, медициналық қолғаптар және мешіт қызметкерлері үшін респираторлық маскалар тігіліп, берілді; 17 шілде күні М.А. Желнов оттегіні ылғалдандыру үшін 3 аппаратты облыстық кардиологиялық орталыққа, № 1 қалалық ауруханаға және ЖМКБЖ тапсырды. Сонымен қатар провизорлық госпиталь ұжымына 400 литр су берілді. Кожин Қ.Н. ШЖО өкілдерімен, барлық сатыдағы мәслихат депутаттарымен қоса қаланың провизорлық госпитальдарына жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге мұқтаж пациенттер үшін қажетті дәрі-дәрмек препараттары берілді. Сондай-ақ, депутаттар халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындау және қорғау құралдарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Көмек 45,0 млн. теңгеден астам сомаға көрсетілді. Депутаттармен игі істер жалғасуда.