Қалалық мәслихатқа жер қатынастары бөлімімен «Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларын келісу туралы жобалар ұсынылды. «      Строитель» бау- бақша серіктестіктерінің тұтыну кооперативінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілермен көп қабатты кешендердің құрылысына 26 жер учаскесі мөлшерінде жер телімдерін алу рәсімі бастамашылық етілді.

«Павлодар қаласының айналма жолы» автомобиль жолын, «Восточный айналма жолы» учаскесінің құрылысын салуға (қайта құру) мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларына келісу туралы мәселе қарастырылды. «Северный» және «Надежда» бау-бақша серіктестіктерінің тұтыну кооперативінде 22 жер учаскесін алу процедурасы бастамашылық етілді.

Жер қатынастары бөлімінің ақпараты бойынша трассаның басталуы Республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» автомобиль жолынан Павлодар селосынан басталады, одан әрі тас жол «Каустик» АҚ және «ПМХЗ» ЖШС зауыттары арасындағы өнеркәсіптік аймақ бойынша Павлодар қаласының № 20 жолымен және «АЭА» бұрылысынан Моялды ауылына дейін «Северный» және «Надежда» саяжай алаптарына шыға отырып, «Павлодар-Успенка» автомобиль жолын кесіп өтіп, онда 213 саяжай учаскелерін алу қажет.

Одан әрі жол темір жолды кесіп өтіп, «Павлодар – Шарбақты» автомобиль жолына Малайсары батыр көшесіне қарай шығады және алюминий зауыты үйіндісі мен «Алюминий Қазақстан» АҚ зауыты арасында өтеді және Павлодар қаласының әуежайына апаратын автомобиль жолы арқылы көлік айрығына шығады және жолдың соңы Кенжекөл ауылындағы жаңа көлік айрығына жанасады.

Берілген мәселелер комиссияда қаралып сессияға шығарылды.