023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету», 021«Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама іс-шараларын бірінші жартыжылдықта іске асыру және 2020 жыл соңына дейінгі міндеттері туралы бағдарламаны іске асыру ТҮКШ бөлімінің сұрақтары мәслихаттың кезекті сессиясының мәселелердің бірі болды.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бөлім басшысының ақпараты бойынша бойынша Павлодар қаласының аумағында келесі көшелер бойынша асфальттау жұмыстары орындалды:

  1. Совхозная көшесі;
  2. Репин көшесі;
  3. Таганрогская көшесі;
  4. Молодогвардейцев көшесі.
  5. Байкальская көшесі, Қаз. Правда көшесінен Кузнецкая көшесіне дейін және Баймолдин көшесінен Саянская көшесіне дейін жұмыстар орындалды. Кузнецкая көшесінен Баймолдин көшесіне дейінгі учаскеде қиыршықтас негізін орнату бойынша жұмыстар орындалды, жұмысты 2020 жылға 15 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда.
  6. Қаз. Правда көшесінен Ломов көшесіне дейін, Қаз. Правда көшесінен Гагарин көшесіне дейін Қамзин көшесі бойынша жұмыстар орындалды. Ломов көшесінен Гагарин көшесіне дейін, инженерлік желілерді жөндеу бойынша жұмыстар орындалатын болады, осыған байланысты жұмыс тоқтатылды. Малайсары батыр көшесінен С. Нұрмагамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар орындалды.
  7. Амангелді көшесі Назарбаев даңғылынан Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейін асфальтбетонды жабынды орнату, кварталішіне кіретін жолдарды асфальттау және тұрақ салу жұмыстары орындалды. Катаев көшесінен Ворушин көшесіне дейінгі учаскеде «Павлодар- Водоканал» ЖШС су құбыры ауыстырылды. Инженерлік желілерді жөндеу бойынша жұмыстарды орындаудың жоспарланған мерзімі 2020 жылғы 20 маусым. Жұмыстарды 2020 жылға 30 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда.

Ворушин көшесінен Катаев көшесіне дейін тротуарларды орнату және борттық тастарды орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.

  1. Камзин көшесінен Павлов көшесіне дейін Аймауытов көшесі.
  2. Геринг көшесінен С. Щедрин көшесіне дейін Московская көшесі.
  3. Московская көшесінен Ленинград көшесіне дейін Крылов көшесі.
  4. Малайсары батыр көшесінен Я. Геринг көшесіне дейін Барнаульская көшесі
  5. Ленинградская көшесі Малайсары батыр көшесінен С.Нұрмагамбетов көшесіне дейін, Малайсары батыр көшесінен Аймауытов көшесіне дейін қиыршық тас негізін орнату бойынша жұмыстар орындалды, жұмыстарды 2020 жылғы 13 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда.
  6. Естай көшесінен М. Есенәлиев көшесіне дейін Пахомов көшесін борттық тастарды бөлшектеу жұмыстары орындалады, жұмысты 2020 жылғы 15 маусымға дейін аяқтау жоспарлануда.
  7. Ак. Шөкин көшесінен Циолковский көшесіне дейін Павлов көшесі борттық тастарын орнату жұмыстары, қиыршық тас негізінің құрылысы жүргізілуде.
  8. Кривенко көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін, Ш.Құдайберді көшесінен Амангелді көшесіне дейін, Кривенко көшесінен Ломов көшесіне дейін Абай көшесінің тротуарлар орнату, борттық тастар орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.
  9. Лесозавод шағынауданында Байжанов көшесі, Строительный, Моторный тұйық көшелері бойынша қиыршық тастан негіз орнату бойынша жұмыстар басталды. Советский, Тупиковый, Литейный тұйық көшелері асфальтталған.

Күн сайын қала көшелеріне, жүргіншілер жол бойындағы көгалдарда жиналған құм мен тұрмыстық қоқыстарды, бордюр бөлігінен құмды шығару үшін 35 бірлік техника, ПУМ (сыпырғыш әмбебап машина) — 8 бірлік, суару — жуу техникасы — 10 бірлік, жол щеткалары — 10 бірлік және 180 жұмысшы шығады. Жүру бөлігін жинау жиілігі аптасына 2 рет. Тұрмыстық қоқыстарды жинау күн сайын жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарға 20 жұмысшы тартылды. Жұмыс орталық көшелерден басталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.  Жол белгілерін орнату, ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша «АвтодорСигнал» ЖШС мердігерлік ұйымымен  шарт жасалды. 357 дана белгі орнату жоспарлануда, оның ішінде 215 дана белгі тағанда және 142 дана қолданыстағы тіреулерге, сондай-ақ, осы сомаға 550 дана бағандарды нығайту және 8 000 дана көлемінде қолданыстағы жол белгілерін ұстау бойынша жұмыстарды орындау жоспарлануда.  Бүгінгі күні 179 дана жол белгілерін орнату жұмыстары, қолданыстағы    90 дана жол белгілерін орнату, 300 дана бағандарды түзету жұмыстары орындалды.  Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.  «Қаланың кварталішілік аумағын жинау бойынша қоқыс шығару бойынша жұмыс жағдайы туралы» 3-тармағы бойынша Қазіргі уақытта кварталішілік аумақтарды тазалау бойынша жұмыстарды «Холдинг — Трансс – Павлодар» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарады.  Кварталішілік аумақтарды қоқыстан жинау 5 бригадамен жүзеге асырылады, әр бригадада бекітілген техника жұмыс істейді: жүк тиеуші —  1 бірлік, автосамосвалдар – 2 бірлік, қоқыс жинауға арналған жұмысшылар – 4 адам. Жапырақтарды жинау, шөпті шабу, қурап қалған ағаштарды жинау, 20 адамнан тұратын бригадамен тұрмыстық қоқыстарды іріктеу жүргізіледі. 2020 жылғы 11 наурыздан бүгінгі күнге дейін қаланың ішкікварталдық аумағынан 23,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.  Бұл ақпарат мәслихаттың ТҮКШ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясында қаралып, сессияда бекітілді.