А.ж. 15 маусымда қалалық мәслихат депутаты Б.Ә.Аманжолов Жұмыспен қамту жол картасы аясында Астана мұз сарайында және спорт бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Астана мұз сарайында шатырға күрделі жөндеу жүргізіліп, кабель желісі ауыстырылады.

«№2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КМҚК қасбеті мен едендеріне ағымдағы жөндеу жүргізіледі.