А.ж. 15 маусымда қалалық мәслихатының 66 кезекті сессиясы өтті, мұнда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы сұрақтардың бірі қарастырылды. Жұмыспен қамту бөлім басшысының ақпараты бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өтініш білдірген азаматтардың жалпы санынан 2858 адам немесе  98,8% бағдарлама қытысушылары құрамына енгізілді, бұл облыстық көрсеткіштен 2,7% жоғары. Бағдарламаға қатысушылары арасында: жұмыссыздар — 1774 адам (62,1%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 157 адам (5,5%), жұмыс іздеушілер — 811 адам (28,4%). Өтініш білдірушілердің ішінде жұмыспен қамтылған азаматтардың үлесі 97,5% құрады, бұл аймақтық көрсеткішен 34,7% жоғары. Өтініш білдірген жастардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың үлесі 105,2% құрады, бұл облыстық көрсеткіштен 23,8% жоғары.

Бірінші бағыт: техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Еңбек нарығында сұранысқа ие 14 кәсіп пен мамандық бойынша 211 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді немесе жоспардың 100% орындалды (жоспар — 210). Оқыту 5 үкіметтік емес оқу орталықтарының базасында жүзеге асырылады («Лидер» оқу орталығы, «Вертикаль» оқу орталығы, «Мансап» оқыту орталығы, «Жиһаз мектебі» кәсіби біліктілікті арттыру орталығы, «Шебер» тігін фабрикасы» ЖШС-де «Шебер» оқу орталығы).

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бағдарлама аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған — 204 адам, қатысушылар ағымдағы жылдың маусымынан қыркүйекке дейін оқуды бастайды (маусым — 41, шілде -81, тамыз -41, қыркүйек -41), оқыту онлайн форматында іске асырылады. 2020 жылы шағын несиелендіруге 541,7 млн. теңге сомасында лимиттер бөлінген (жоспар — 48 қатысушы), оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы — 500,0 млн. теңге (лимиттерді 20 мамырда аймақтық комиссия таратқан) АШҚҚҚ АҚ арқылы  — 41,7 млн. теңге (лимиттер наурыз айында бөлінді, несиелеу сәуірде басталды). 1 маусым айындағы жағдай бойынша: өткен жылдардағы өтелетін қаражат арқылы 6 қатысушыға 49,6 млн.теңге көлемінде шағын несиелер берілді (ЖК Валеева-9,9 млн.теңге, ЖК Алиса-6,7 млн.теңге, ЖК Рахим — 12,0 млн.теңге, ЖШС «Теплота»-10,0 млн.теңге, ЖК Рамазанова -5,0 млн.теңге, ЖК Best Company-6,0 млн.теңге).

Бүгінгі таңда қатысушылар пулы бар: «АШҚҚҚ» АҚ арқылы шағын несиелеу бойынша 14 қатысушы 56,0 млн.теңге сомасына (3 құжат Қорға тапсырылды, 11 — құжаттар жинау):  екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттеу бойынша — 73 қатысушы, сомасы 420,0 млн. 2020 жыл лимиттеріне байланысты «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 14,0 млн.теңге немесе жоспардың 33,6% көлемінде 3 шағын несие берілді (жоспар — 41,7 млн.теңге), соның ішінде: :1 шағын несие – сәуір айында, 2 шағын несие –мамыр айында (ЖК Ай –Ару, Павлодарское ауылдық кенті- мал шаруашылығын дамыту (жылқы сатып алу)-4,0 млн.теңге, ЖК Уйсумбаева, Кенжекөл ауылдық кенті  жабдық сатып алу — 6,0 млн.теңге, ЖК Томирис, Долгое кенті, мал шаруашылығын дамыту (жылқы сатып алу)-4,0 млн.теңге. Жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін мемлекеттік гранттар беруге 102 грант үшін 54,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Грант алуға 204 адам үміткерлер бар.  Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 3 қатысушыға 1,6 млн. теңге (грант мөлшері — 200 АЕК) көлемінде гранттар берілді. Жоспарға сәйкес гранттар «Бастау-Бизнес» жобасына оқыту аяқталғаннан кейін маусымнан қазан айына дейін беріледі. Гранттарға ие болған қатысушылар:    1 грант — тауық етінің жартылай фабрикаттарын өндіру мен сатуға, 2 — мал шаруашылығын дамытуға.

Үшінші бағыт: жұмыспен қамту және еңбек ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту. Бос жұмыс орындарына 3292 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ЭЕБ арқылы 1201 немесе 36,5%. (аймақтық көрсеткіш — 29,7%). Әлеуметтік жұмыс орындарына 161 адам немесе жоспарланған көрсеткіштен 67,9% (237 адам) жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаға қатысуды аяқтағандар- 52, жұмысқа орналасқан 32 немесе 61,5%. Мамырдың аяғында 20 қатысушы бағдарламаға қатысуды аяқтады, ал маусым айынан бастап олар ЖҚЖК жобалары бойынша жұмысқа кіріседі. Жастар практикасына 54 адам немесе жоспарланған көрсеткіштен (265 адам) 20,4% жіберілді. Бағдарламаға қатысуды аяқтады — 26, жұмыспен қамтылғандар — 21 немесе 80,8%. 5 адам жұмысқа орналаспаған, 4 адам 10 маусымға дейін жұмысқа жіберіледі, 5 адам ЖОО түседі. Қоғамдық жұмыстарға 481 жұмыссыз жіберілген немесе 120,3%, жоспар 400 адам құрады. Бағдарламаға қатысуды аяқтады — 38, жұмыспен қамтылғандар — 16 немесе 42,1%. 306 қатысушы немесе 63,6% МЗЖ-на ие, бұл мамыр айында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің 74 студенті қоғамдық жұмыстарға жіберілгендігіне байланысты, зейнетақы төлемдері маусым айында аударылатын боладды, қоғамдық жұмыстардың 101 қатысушысы 1,2 мүгедектік тобына ие, зейнетақы жарналары ұсталмайды.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс берушілермен 1230 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жоспардың 34,6% орындалды (жоспар — 3560 жұмыс орны, облыстық деңгей — 33,8%). 2020 жылға арналған оралманға қабылдау жоспары — 17 отбасы, 80 адам.  Қоныс аударды — 9 отбасы, 54 адам немесе 67,5% (облыстық көрсеткіш — 72,6%). Оның ішінде 36 адам еңбекке қабілетті, 32 адам немесе 88,9% жұмыс істейді, 4 адам объективті себептер бойынша жұмысқа орналастырылмаған (2 — студенттер, бала күткен 2 адам).  2020 жылға арналған ішкі көшіп келушілердің квотасына қабылдау жоспары 135 отбасы, 540 адам. 17 отбасы, 82 адам қоныс аударды немесе 15,1%. Оның ішінде 48 адам еңбекке қабілетті, 43 адам немесе 89,6% жұмысқа орналастырылды, 5 адам объективті себептер бойынша жұмысқа қабылданбады (2 — студенттер, 3 адам — бала күтімі). Қоныс аударуға және жалдамалы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарын өтеуге субсидиялар толық көлемде төленді. «Е- Халық» АЖ-де еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамтамасыз ету белсенді шараларына жататын — 17 адам, 100% қамтылған. «Еңбек» бағдарламасына қатысу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары теледидарда — 2 тікелей эфирде, 4 теледидар бағдарламасында,  6 баспа және әлеуметтік желілерде жүргізілді.  Қалада үш жалдау орталықтары құрылды (Жұмыспен қамту орталығы, ЖБДО, Абусейітов атындағы МСО). Жұмыспен қамту орталығының мамандары кестеге сәйкес қаланың ауылдық аймағында түсіндірме жұмыстарын жүргізді (Мойылды ауылы — 06.01.2010, Жетекші ауылы — 02.06.2020, Ленинский ауылы — 03.06.2020, Кенжекөл ауылы — 04.06. 2020, Павлодар – 05.06.520). Павлодар қаласында қабылданған дағдарысқа қарсы шараларды ескере отырып, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары 10636 адамды қамтиды. Бұл мәселе мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясында қаралып, сессияда ақпарат бекітілді.