А.ж. 4-5 маусымда «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» шеңберінде жобалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат депутаттары Ж. Тұрлыбаев, қалалық мәслихат хатшысы З. Мұқашева және қоғамдық кеңес мүшесі Н. Нәбиевосы бағдарлама шеңберінде іске асырылатын білім беру объектілеріне барды: № 8 мектеп-лицейі, № 28 ЖОМ, № 34 ЖОМ, № 39 ЖОМ, «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК, Жаяу Мұса көшесі 4, дарынды балаларға арналған № 3 гимназия, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия интернаты, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты.

Жергілікті жерлерде ұйым басшылары мен мердігерлермен кездесті.

Кездесу барысында жұмыстың сапасы, аяқталу мерзімі, сатып алынатын құрылыс материалдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ Жұмыспен қамту орталықтары арқылы қызметкерлерді қабылдау мәселелері талқыланды.

Аталған объектілерде жұмсақ шатырдың, спорт алаңы күрделі жөндеу, сыртқы желінің сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ауыстыру, спорт және музыкалық залдарды, бассейнді жөндеу, терезелерді орнату, ғимараттың кіреберіс топтары мен қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, жұмысқа Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тартылды.

Мердігер ұйымдар кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.