А.ж. 4 маусымда қалалық мәслихат депутаты В.В. Кнутас Ленин кентіндегі жолдарды жөндеу барысымен танысты.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде Ленин кентінде 16 жолдарды орта ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі: Жамбыл, Добролюбов, Комаров, Новая, Парковая, Линейная, Жангелды, Лазарев, Автомобилист, Жолқұдық, Водитель, Запад, Саратов, Айдагөл, Еңбекші, Карьер көшелері. Қазіргі таңда құрылыс материалдарын уақытша орналастыру үшін материалдар мен алаңдарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр,содан кейін асфальт жамылғысының негіздері мен шұңқырларға құм төсеу жұмыстары басталады. Алдағы уақытта кесте бойынша қалыңдығы 8 см асфальт төселеді.

Жөндеу жұмыстарын «Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырады. Орындалған жұмыстардың көлемі 10 % құрайды.

Жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздар қатарынан 24 адам жұмысқа орналастырылды.