А.ж. 28 мамырда Павлодар қалалық мәслихат депутаты М.Қ.Айтышев «Құтты мекен» партиялық жоба аясында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан БЖСМ  барды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 162 млн.теңге бөлінді. Мердігердің жоспары бойынша ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі: жаңа терезелер, кіретін есіктер орнату, жылу құбырлары мен желдету жүйесін ауыстыру, өрт-сигнал беру жүйесін орнату, сондай-ақ, ғимараттың сыртқы қасбетін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу. Жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 17 адам тартылды. Күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі — 2020 жылғы қыркүйек айы.

Жобаға сәйкес бүгінгі күні ғимараттың қасбетін бөлшектеу бойынша жөндеу жұмыстары 30% орындалды.