А.ж. 19 мамырда Павлодар қалалық  мәслихат депутаты Смағұлов А. және  «Nur Otan»  қалалық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Маликова А. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы аясында жүзеге асырылатын спорт, білім беру және құрылыс нысандарының жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында Естай көшесі 83 мекенжайы бойынша орналасқан БЖСМ № 1 және Ломов 140/1 көшесіндегі «Батыр» БЖСМ  барды.

2 объектіде ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі ағымдағы күз айына жоспарланып отыр.

Білім беру объектілерінде № 28 ЖООБМ қатты және жұмсақ шатырдың күрделі жөндеуі жүргізіп жатыр. Кездесу кезінде шатыр бойынша материалдар дайындау, қоршауды бөлшектеу, қабырғаларды бояудан тазалау, сонымен қатар санузелдегі ескі кафель плиткаларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.

Инновациялық үлгідегі №34 ЖООБМ ғимараттың ағымдағы жөндеуі және спорт алаңын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Спорт алаңы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде: қиыршық тас әкелу, кабельдерді шығару, ағаштарды кесу және аумақтарды тегістеу.

Сондай-ақ Жаяу-Мұса, 4 көшесіндегі балабақша ғимаратын қайта жаңарту (электр жабдықтарын ауыстыру, қасбетті жаңарту, монтаждау жұмыстары) жүргізілуде.

Мердігерлік ұйымдармен жөндеу жұмыстары бекітілген жоспар бойынша аяқталу жоспарланып отыр. Мердігер ұйымдар кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

«Құтты мекен» партиялық бақылау шеңберінде депутаттар тұрақты негізде жұмыс сапасының орындалуына мониторинг жүргізетін болады.