А.ж. 16 мамырда Павлодар қалалық мәслихат депутаттары қаланың ТҮКШ бөлімімен бірлесе отырып, Алюминистрой шағынауданындағы ескі тұрғын үйлердің тұрғындарымен жаңа үйлер салынғанға дейін уақытша тұрғын үйлерге көшіру мәселесі бойынша кездесті.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 116 бабына сәйкес, жайлы тұрғын үй берілгенге дейін шығарылуға жататын азаматтар (олардың келісімімен) осы елді мекендегі және санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үйлерге орналастырылады.