ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНДЕГІ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ

А.ж. 2020 жылы 18 мамырда ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді.

Тұрақты комиссия мүшелерімен ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйлә Әнүарбекқызы Ахметованың «Қаланың ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ҮЕҰ жобаларын іске асырудың тиімділігі туралы» ақпараты тыңдалды.

Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан -2020: болашаққа жол «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім басшысының ақпараты бойынша 2019 жылы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс – шараларды іске асыруға қалалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 31 909,4 мың теңгені құрады, 100% игерілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде барлық конкурстық рәсімдер өткізілді. 2020 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 9 тақырыптық лот қарастырылған, конкурстық рәсімдер өткізілді және 8 ҮЕҰ-жеткізушілермен шарттар жасалды.

Бір мердігер бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Тұрақты комиссия қорытындысы бойынша депутаттармен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар берілді.