А.ж. 20 наурызда қалалық мәслихат депутаттары «Nur Otan» ПҚФ және кәсіпкерлік бөлімімен бірігіп қаланың супермаркет және әлеуметтік дүкендерді, сондай-ақ дәріханаларды аралады. Сауда орындарында бірінші керек деген азық-түліктердің бағасын және дәріханаларда медициналық бет перделерінің, антисептикалық құралдардың болуын тексерді. Мониторингтік шаралар барысында сөрелерде азық-түлік саны жеткілікті, дүкендерде дүрлікпе және кезектер байқалмайды. Шығу қорытындысы бойынша кәсіпкерлік бөліміне жеткізушілермен одан әрі жұмыс жүргізуге ұсыныстар берілді. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қаланың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қаланың әлеуметтік сауда орындарына күнделікті мониторинг жүргізеді.