Қаланың әлеуметтік сауда нүктелеріндегі бағаның мониторингісі

А.ж. 17 наурызда қалалық мәслихат депутаты С.С. Богатырев  «Nur Otan» ПҚФ және кәсіпкерлік бөлімімен бірге Павлодар қаласының әлеуметтік сауда орталықтарына бағалардың мониторингісін жүргізді. «Лидер», «Арзандау», «Караван» дүкендерінде болды.

Бару аясында мониторингтік топ әлеуметтік мәнді азық-түлік тауарларының бағасымен танысты. Сонымен қатар, сауда нүктелерінің басшылары қоймадағы тауар қорлары туралы ақпараттындырды. Қаланың әлеуметтік дүкендеріне әлеуметтік мәнді тауарлар тұрақтандыру қордан күнделікті әкелінеді.

Негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қаланың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен күн сайын азық-түліктің болуы мен әлеуметтік мәнді тауарлардың бағасын бақылау мен мониторингісі жүргізіледі.