№ 9 округте Халықаралық қарттар күнін мерекелеу

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 3 қазанда қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Шамарқызы  Кайдарова № 5 және №6 шағын аудандардың ардагерлер Кеңесінде іс-шаралар өткізді.

Ардагерлерге концерт және «Ең тәтті тағам» конкурсын ұйымдастырды, мерекелік үстел жасалды. Ардагерлерге азық-түлік пакеттері мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, 2019 жылы 4 қазанда «Гофротара» ЖШС кәсіпорынының зейнеткерлеріне мерекелік үстел ұйымдастырылып, ақшалай сыйлықтар берілді.