САРЫАРҚА ШАҒЫН АУДАНЫНА ШЫҒУ САПАРЫ

А.ж 4 қазанда қала құрылысы және экология мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары В.П.Пряхин мен А.А.Оспанов қалалық басшылар құрылымы және мердігер ұйымдармен бірігіп «Сарыарқа» шағын ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының сапасы бойынша көшпелі отырыс ұйымдастырды.

Шығу сапарының негізгі мақсаты құрылыс жұмыстарының барысын, жұмыс кестесіне сәйкестігін, құрылыстың технологиясы мен сапасын сақтауды бақылау болып табылады.

Депутаттар «Сарыарқа» шағын ауданындағы (№ 11, 27, 29) 3 тұрғын үйге барды.

№ 27- ші тұрғын үйдің құрылысын «СК Строитель» ЖШС мердігер ұйымы іске асырады. Құрылыс- монтаждық жұмыстары кестеге сәйкес 90 % орындалды, жоспардан қалу жоқ, қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары аяқталу сатысында. Ообъектіні а.ж. 1 қарашаға дейін аяқталу жоспарланып отыр.  Шығу сапары бойынша үй маңындағы аумақ және балалар алаңы бойынша ескертулер болды.

№ 11- інші тұрғын үйдің құрылысын «АстанаКоктем-С» ЖШС мердігер ұйымы іске асырады. Құрылыс- монтаждық жұмыстары 15 % орындалған, қазіргі уақытта инженерлік коммуникациялар (жылумен жабдықтау және су құбыры) өткізілмеген. Аяқталу мерзімі 2020 жылғы 20 наурыз.

№ 29– ыншы тұрғын үйдің құрылысын «АстанаКоктем-С» ЖШС мердігер ұйымы іске асырады. Құрылыс- монтаждық жұмыстары 20 % орындалды. Аяқталу мерзімі 2020 жыл.

Барлық учаскелерде жұмысшылардың жетіспеу мәселесі бар, әрбір объектіде кемінде 15 адам жұмыс істеді.

Сапар барысында депутаттармен құрылыс бөліміне және мердігер үйымдарына айтылған ескертулерді қысқа мерзімде жою үшін бақылауға алу ұсынылды.