А.ж. 3 қазанында № 24 округінің депутаты А.А. Оспанов Кенжекөл ауылында Мәдениет үйінің ашылуына қатысты. Статистика департаментінің мәліметі бойынша Кенжекөл ауылында 11 мыңнан астам адам тұрады. Мәдениет үйінің жалпы көлемі 1,4 мың км құрайды. Жаңа мәдениет үйінде 300 отыратын орыны бар көрермен залы, үйірмелер және би кабинеттері бар. Сонымен қатар, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кабинеттер қарастырылған. Жыл басында Ленин кентінде, Жанаауыл ауылында, Теміржолшылар кентінде мәдениет үйлері ашылды. Оспанов А.А. Кенжекөл ауылында республикалық экологиялық ағаштарды отырғызу акциясына қатысты.