ТҮКШ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

А.ж. 3 қазанда ТҮКШ мәселесі жөніндегі мәслихаттың тұрақты   комиссиясы өтті, мұнда келесі сұрақтар қарастырылды

Тұрғындар мен ПИК- пен бірге ұсынған ішкіаулалық аумақты абаттандыру бойынша эскиздік жобаларды қарау.

2019 жылғы шілдеден бастап «Десента» ҚҚ  «Қалалық өзгерістер орталығы» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Байқау комиссиясының құрамына Павлодар қаласының қалалық мәслихаты, ішкі саясат, ТҮКШ, тұрғын үй инспекция бөлім өкілдері, қоғамшылдар кірді. Жобаның мақсаты-тұрғындарды, әкімшілік құрылымды, бизнес өкілдерін, инвесторларды тарта отырып, Павлодар қаласының қоғамдық кеңістіктерін жобалауға қалалық қатысу орталығын құру.

Қыркүйек ай бойы тұрғындардың аулалары мен қоғамдық демалыс аумағын дамыту қажеттілігін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 300-ден астам адам сұралды, 7-ден 90 жасқа дейінгі тұрғындардың ұсыныстары жинақталды және сараланды. Өз аула аумақтарының эскиздік жобаларын әзірлеу бастамасы Короленко к-сі 347, Ак. Шөкин к-сі 95, Короленко 4, Чкалов 118/2, Торайғыров к-сі 6 мекен-жайлары бойынша үй тұрғындарын біріктірді. Отырыста депутаттарға жоғарыда көрсетілген тұрғын үйлер бойынша үй маңындағы аумақты абаттандырудың эскиздік жобалары ұсынылды.

Павлодар қаласын көгалдандыру Тұжырымдамасын іске асыру туралы.

Отырысқа мердігер ұйымдар басшылары қатысты. Жасыл қорды күту, санитарлық кесу, кесу, ағаштарды өңдеу мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта қаланың ТКШ бөлімімен Павлодар қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын әзірлеу басталды, оның мердігерлік ұйымы «Берегиня-Био»ҚҚ болып табылады. Отырыста жоғарыда көрсетілген жобаның басшысы Т. Пономарева депутаттарды Тұжырымдаманы әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, оның мақсаттары мен міндеттерін белгіледі, жасыл желектерді отырғызу және күтіп ұстау бойынша қызметті регламенттейтін бірқатар құжаттар дайындалды. Ағаштарды түгендеу бойынша жұмыс басталды, түгендеудің электрондық картасы әзірленді,ол келешекте ағаштардың орналасқан жері, тұқымы, жасы және жай-күйі сияқты ақпаратты қамтитын болады.