А.ж. 2 қазанында қалалық мәслихат депутаттары Қ.Н.Кожин және В.В. Кнутас мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп сумен жабдықтау объектілер құрылысына шығу сапарын жасады. Мониторинг жобаларының негізгі мақсаты Павлодар қаласының ауылдық  елді мекендерінде таза сапалы шаруашылық- ауыз сумен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта Зеленстрой ауылында,  «Ай  Су Мелиорация» ЖШС мердігер ұйыммен сумен жабдықтау торабының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 7 100 м сумен жабдықтау желілері тартылды, 115 дана- құдық орнатылды. Объект құрылысы кестеге сәйкес аяқталу сатысында.

Сондай- ақ, Теміржолшылар кентінде мердігер ұйым «Ай  Су Мелиорация» ЖШС . Объектінің аяқталуы мерзімі 2020 жылға жоспарланған, бірақ құрылыс жоспар алдында жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тиісті су құбыры торабының ұзақтығы- 6425м,  1,5 м – 63 дана, 2,0 м -53 дана құдық, 9- жеткізу орнатылды.

Ленин кентінде мердігер ұйым «Евростандарт Аква» ЖШС. Объект құрылысы кестеге сәйкес аяқталу сатысында. Қазіргі уақытта тиісті су торабының-  8822,99 м салынған, 115 дана құдық орнатылған, халықтың 80 % қамтылған. Ленин кентінде су қамту торабының орнатылуынан кейін тұрғындар тұндырғыш орната бастады. Сондай- ақ,  одан әрі кәріз желілерін жоспарлау мәселесі қаралды.