КҮЗГІ СЕНБІЛІК

Павлодар қаласында а.ж. 2019 жылғы 29 қыркүйекте қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды. Айлық аясында қаланың кәсіпорындары, кіші және орта бизнес субъектілері, кондоминимум объектілері, тұрғындары бірінші күзгі сенбілікке шықты.Қалалық мәслихат депутаттары өз кәсіпорындарда сенбілік өткізді. Аумақты тазарту, қоқысты шығару, ағаштар мен гүлзарды кесу, қоршау мен кіші пішіндерді бояу ұйымдастырылды. Осындай сенбіліктер қазан айының аяғына дейін жалғасады.