А.ж. 26 қыркүйекте Павлодар қалалық мәслихатта менталдық ауытқулары бар балаларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселе бойынша «Nur Otan» партия фракциясы мүшелерінің, депутаттардың, мемлекеттік орган, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Осы шараның мақсаты – Павлодар қаласында менталды бұзушылықтары бар балалар үшін көрсетілетін көмектің негізгі түрлерін белгілеу.

Кездесуде Павлодар қаласының психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес беру басшысы С.А. Айтбаеваның,

жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшы орынбасары Г.А. Камалованың,

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Л.И. Кузьменкованың,

Павлодар облыстық психологиялық орталығының балалар бөлімінің меңгерушісі О.В. Тюменцеваның ақпараттары тыңдалды және талқыланды.

«Дөңгелек үстелдің» нәтижесі бойынша қала тұрғындарына мәлімет пен ақпарат үшін Павлодар қаласының менталды ауытқулары бар балаларға мемлекеттік көмек беру тізімі жасалды.

Павлодар қаласында менталды ауытқуы бар балаларға

мемлекеттік көмек шаралары

  1. Павлодар қаласының психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңес келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:

— тексеру және психологиялық- медициналық- педагогикалық  кеңес көмегін көрсету,

— мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама беру.

(Павлодар қ., Луначарск көшесі, 9/8, тел. 62-70-08, instagram аккаунт- pmpk_g.pavlodara).

  1. Павлодар облыстық психологиялық денсаулығы орталығында күндізгі стационар бөлімі бар, мұнда керек кезінде тексеру, диагнозды анықтайды және емдеу өткізеді.
  2. Білім берудің арнайы мекемелері: ой-өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі №39 балабақшасы (Айманова көш., 32), № 52 арнайы балабақшасы (балалардың сөйлеудің жалпы жетілімсіздігі, психикалық дамуының іркілісі) (Урицкий көш., 76), № 15 ЖОББМ (балалардың сөйлеудің жалпы жетілімсіздігі, психикалық дамуының іркілісі) (Шөкин көш., 32), № 4 ақылы бұзылған балалар үшін мамандырылған облыстық жалпы орта білім беру мектеп- интернаты (П. Васильев көш., 17).
  3. Павлодар қаласының мемлекеттік оңалту орталығы: «Облыстық балалар психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (Толстой көш.,143/1). Балалар орталығы 3-тен 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар балалар-мүгедектердің үнемі тәулік бойы тұруы үшін арналған. Балалар орталығының негізгі міндеттері оларға жағдай жасау, жеке қажеттіліктері есебімен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
  4. «Павлодар қаласы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы қызмет көрсетуді ұсынады (Шөкин көш., 29/1).
  5. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар: «Самал» оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі (Н.Назарбаев даңғылы, 42/2), «Алтын бата» қоғамдық қор (Ак. Сәтбаев көш., 99).
  6. Орталықтарда оңалту шаралары кешеніне мүмкіндігі шектеулі балалардың сауықтыруын қолдаумен қоса психологиялық қолдау, әлеуметтік—ұрмыстық дағдыларды алу, сөйлеу қатынастарын дамыту және ой-өрістерін кеңейту және т.б.көрсетіледі.
  7. 6 АЕК мөлшерінде үйде оқытылатын және тәрбиеленетін балалар-мүгедектерге тоқсан сайынғы материалдық көмек көрсету қарастырылған.
  8. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарының Стандартына келісілді санаторлық-курорттық емдеу қарастырылған (Облыстың денсаулық сақтау басқармасы арқылы).
  9. 2020 жылдан бастап 40 АЕК мөлшерінде балалар-мүгедектерге санаторияларда бірге жүретін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі (тұруға, тамақтануға).
  10. 2020 жылдан бастап «аутизм» ауруы бар балалардың отбасыларына 18 жасқа дейін 20 АЕК мөлшерінде бір жолғы көмек көрсетіледі.
  11. Емдік тәсілдермен кепілдік көлем аясында тегін медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету.

Жұмыс тобы мүшелерімен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бұдан әрі мүмкіндігі шектеулі балалардың, сонымен қатар менталды бұзушылықтары бар балалардың ата-аналары үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқыту курсын өткізу мүмкіндіктерін қарастыру жоспарлануда.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.