ІШКІАУЛАЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ШЫҒЫС САПАРЫ

А.ж. 3 қыркүйекте «Ішкіаулалық аумақтарды жарықтандыру» мәселесін зерттеу бойынша қалалық мәслихат депутаттары қаланың ТҮКШ  бөліммен біріккен қаланың шағын аудандарына шығыс сапарын ұйымдастырды.

Павлодар қаласының ішкіалалық сыртқы желілерді жарықтандыруды ағымдық жөндеу және пайдалану жұмыстарын «Астана Базис А» ЖШС жүзеге асырылады.

Техникалық сипаттамаға сәйкес қаланың 300 мекен- жайларында жарық өткізілу жоспарлануда. Бігінгі таңда мердігерлік ұйыммен 100 телімде жобалау- монтаждау жұмыстары аяқталуда, мұнда келесі жұмыстар өткізілуде: шұңқыр қазылуы, канал кабельдерін өткізу, жарықтандыру тіректерінің астына ампер құю, кабель төсеу. Аталған жұмыс түрлерін үстіміздегі жылдың қыркүйек айының аяғында аяқтау жоспарлануда. Жарықты қосу, жарықтандыру тіректерін іске қосу 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларына жоспарланған.

Сапар барысында депутаттармен келесі көшелер қарастырылды: Тораығыров, Павлов, Киров, Камзин,Н.Назарбаев даңғылы және т.б.