А.ж. 9 тамызда қалалық мәслихат депутаттары З.Қ. Мұқашева, Қ.Н. Кожин, А.А. Оспанов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында «Мектепке баланы жинайық» қайырымдылық акциясына қатысты.

Осы іс-шараның мақсаты — бұл 1 қыркүйек қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету.

Депутаттармен, бизнес-жүйе өкілдерімен отбасыларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға сертификаттар берілді.

Балаларға аниматорлармен және балмұздақ таратумен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.