А.ж. 7 тамызда «Партиялық бақылау» жобасы аясанда «Nur Otan» партиясынан Павлодар қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Кожин сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Департаментінің және Павлодар облысының әкімшілік полицей қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жол полициясы жұмысында жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша көшпелі рейдті іске асырды. Мониторинг аясында мердігерлік ұйым  жол жүру қозғалысын шектейтін жол белгілерін дәл уақытында демонтаж жасау  жағынан кейбір дұрыс жасалмаған жұмыстары белгіленді және қар бөгеуді және кедергі құрылғыларын орнату кезінде реттеу жұмыстары жағынан ұсыныстар берілді, сонымен қатар жөндеу жұмыстарын мерзімде орындау жағынан бірқатар мәселелер талқыланды.