Арыс қаласының тұрғындарына көмек

Қалалық мәслихат депутаттары әскери қоймада болған ату жарақтарының атылысынан жапа шеккен, Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының  мәселелеріне немқұрайлы қалған жоқ. Депутаттар облыс бастамасын қолдап, 500 мың теңгеден аса қаржымен көмектесті және бір күндік жалақыларын аударды. Сонымен қатар жылы көрпелер, памперстер, жуғыш заттар жиналды және жіберілді. Слонымен қатар қалалық мәслихат депутаттарының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын жіберді.