Қалалық мәслихат депутаттары ТҮКШ, тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің өкілдерімен, Жергілікті полиция қызметімен, мердігерлік ұйым өкілдерімен бірлесіп көшпелі отырыс ұйымдастырылды.

Бару аясында депутаттар гүлдер мен гүлзар отырғыздыратын жерлерге барды. Гүлдерді отырғызумен мердігерлік ұйым «Дендро» ЖШС фирмасы айналысады. Техникалық сипаттамаға сәйкес гүлзарларды рәсімдеу кезінде сәнді гүлді дақылдардың тұқымдары пайдаланылады, гүлді рәсімдеу мердігерлік ұйымның дизайнерімен жасалады және ТҮКШ бөлімімен келісіледі.

Сонымен қатар қаланың көшелері мен аулалары қоқыстың жиналуына қаралды. Алдыңғы айлармен салыстырғанда бүгінгі күнде орамішілік аумақтардың санитарлық жағдайы және контейнерлерге арналған аулалар қанағаттанарлық жағдайда.Мердігерлік ұйымның «Реалком Сервис» ЖШС-ның «Спецмашин» ЖШС-мен бірлескен жүйелі жұмыстары көрінуде.

«Абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша басым бағыттарының бірі ағаштардың санитарлық кесуі мен шөпті шабу болып табылады. Павлодар қаласында шөп шабуды  «DOS PVL» ЖШС жүргізеді.

Депутаттармен қаланың тұрғын үй инспекциясы мен ТҮКШ бөлімдеріне ПИК өкілдерімен орамішілік аумақтарда шөпті және  қурайларды шабуды өткізу қажеттілігі туралы жиналыс өткізу ұсынылды.

Ауа райы жағдайларына байланысты қалада кесуге жататын, апатты ағаштар саны көбейді. «Горзеленстрой» ЖШС-ның үш бригадасы күн сайын көнерген және құрғақ ағаштарды санитарлық кесуін, сонымен қатар апатты ағаштарды кесу бойынша жұмытарды іске асырады.