Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия

А.ж. 25 маусымында экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті, мұнда келесі мәселелер қарастырылды:

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төртінші бюджеттік деңгейінің  орындалуы.

Ауылдық аймақтар әкімдерімен бюджеттің төртінші деңгейін орындау бойынша жоба ұсынылған. Жалпы алғанда, бюджеттің табысты бөлігінің болжамды көрсеткіштері, іске асырылды және бюджетте бекітілген бағдарлама мен іс- шаралар бойынша толық жетілді.

Павлодар қаласында шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағдай жасау және қолдау көрсету.

Павлодар қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

Бөлімнің ақпараты бойынша 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан арасында 30 968 дананы құрады, соның ішінде істеп тұрғандар  24 767 дана, жеке кәсіпкерлер 17 964 дана тіркелген.

2019 жылғы қаңтар-маусым тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері  31 853 дананы құрады, соның ішінде істеп тұрғандар 26 106 дана, жеке кәсіпкерлер 22 072  дана.

БЖК бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы Павлодар қаласы бойынша 85 жоба 4706,8 млн. теңгеге мақұлданды.  2019 жыл басынан 78 жоба 2 241,3 млн. теңгеге берілді.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін 2019 жылдан бастап «Open Pavlodar» фронт офисі алаңында қала әкімінің мемлекеттік органдардың, монополистердің,  қаржы институттардың және прокуратуралардың қатысуымен «Кәсіпкер сағаты» жобасы енгізілді.

Жобаның мақсаты — бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, оны қолдау жөніндегі шараларды насихаттау, сондай-ақ бизнес-қауымдастық тарапынан кері байланыс.

Қылмыстық  жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның жұмысы туралы

Әлеуметтік және өзге де мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2010 жылдан бастап қылмыстық жазасын өтеген және оларды ақтаған адамдарға Павлодар қаласының әкімдігінде қылмыстық жазалар және өзге де қылмыстық-құқықтық әсері, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыруды ықпал ету бойынша консультациялық-кеңес орган жұмыс жасайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әлеуметтік төлем көрсету мониторингі және жұмысқа орналастыру мәселелері  жүзеге асырылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған тұлғаларға 2017 жылы сәуірден 5 АЕК мөлшерінде  біржолғы әлеуметтік төлем төленеді. Ал 2018 жылы әлеуметтік төлемді жалпы сомасы  2020 200 теңгеге 168 адам алды.

2018 жылы жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру және біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдесу бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 275 тұлға жүгінді, 207 тұрақты жұмыс орындарға орналасты.

Ағымдағы жылдың басынан бастап бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан 138 тұлға жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Жұмыспен қамтудың көмектесу шарасымен 98 адам (немесе 66,7%) қамтылды, одан 80 адам тұрақты жұмыс орындарына (соның ішінде өздігінен — 58 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына — 4 адам орналастырылды.  Кәсіптік оқытуға 8 адам жіберілді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан 105 тұлға 1 325 625 тенге сомасына біржолғы әлеуметтік көмек алды.

Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты, Павлодар қалалық мәслихат қарастыруына Павлодар қаласының төтенше жағдайларын болдырмау және жою жөніндегі комиссиясын бекіту туралы жобасы ұсынылды. Комиссияның негізгі міндеті төтенше жағдайлардың (өрттің) алдын-алу, оның зардаптарын азайту, төтенше жағдайлар кезінде объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлау және іске асыру болып табылады.

Барлық сұрақтар қарастырылып, мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылды.

dav
dav